Федоров ауданының орталық кітапханасында Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК-сы мен аудандық кітапхана қызметкерлері бірлесе қалың оқырманға да әдеби ортағада кеңінен танымал белгілі ақын, драматург, сатирик, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша гран-при иегері Абылай Фазылханұлы Маудановпен «Біздің замандасымыз – Абылай Мауданов» атты кездесу кешін өткізді. Іс – шараға Ы. Алтынсарин атындағы ЖББМ-тің 9-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы, архив қызметкерлері, тіл мамандары және т.б. мекемелердің қызметкерлері атсалысты.
Тағылымды іс-шара барысында Федоров ауданы әкімінің орынбасары Валеев Рамиль Гадельзянович кеш кейіпкеріне шығармашылық табыс тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Ерекше айта кетер болсақ, Абылай Мауданов Федоров ауданына арнау әнін жазған ақын. Ақын өзінің соңғы шыққан «Тұлпар – тағдыр» шығармалар жинағын аудандық орталық кітапханаға сыйға тартты.
Кеш барысында оқырмандар ақынның балалық шағы мен еңбек жолы жайлы мағлұмат алды. Өлең жолдарын оқып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, естелік суретке түсті.