22 сәуірде Федоров аудандық орталық кітапханасының қабырғасында М. Маметова атындағы мектептің 10 сынып оқушылары мен ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері үшін бүкіләлемдік Кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап әлемі мейрімдірек және жарқын» атты әдеби миксі өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға мерекенің тарихымен таныстырылып, әдебиетпен байланысты «Отбасы», «Оны орнына қайтарыңыз!», «Киновикторина», «Әріптер ойыны!» атты ойындар мен викториналар өткізілді. Жас авторлар өз өлеңдерін оқыды, қалған балалар өз кезегінде қазақ және орыс классиктерінің өлеңдерін жатқа оқыды. Іс-шара бейне материалдармен сүйемелденді.