«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

23 сәуірде бүкіл әлемде Кітап және авторлық құқықты қорғау күні атап өтіледі. Бұл күні Федоров аудандық кітапханасының кітапханашылары Пешков ауылдық жалпы мектебінде «Страницы истории села Пешковка» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапты Пешков ауылдық кітапханасының кітапханашысы Раскевич Тамара Викторовна жазған.

Іс-шара А. Искакова мен Е. Рожконың орындауындағы әдемі «Дом» әнімен басталды. Кітапханашы О. И. Бондаренко қатысушыларға Пешковка ауылының пайда болу тарихы туралы, Пешков ардагерлер кеңесінің төрайымы З. Д. Ефремова - Ұлы Отан соғысы кезеңі туралы айтып берді, «Трояна» ЖШС басшысы Ю.М. Малышко аграрлық секторды дамыту жолдары туралы, педагогикалық еңбек ардагері В. И. Костенко мектептің өмірі және онда бір кездері жұмыс істеген мұғалімдердің тамаша әлемі туралы. Ю.В.Ефремова Пешков ЖМ директоры С.В.Глущенко жазған Отан туралы өлеңін оқып берді. Басшының м.а. А.О. Қарақпаева кітаптың авторы Т.В. Раскевич туралы айтып берді, Іс-шара тақырыптық слайдтармен және бейнероликтермен сүйемелденді..