Биыл ұлы ағылшын ақыны және драматургі Уильям Шекспирдің туғанына 455 жыл толады. Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары У.Шекспирдің өмірі мен шығармашылығына арналған «Бүкіл әлем-театр» тақырыптық сөре дайындады. Онда оның өмірбаяны мен өміріндегі жаңа фактілер ұсынылған. Оның шығармашылығы әлемнің барлық тілдеріне аударылған, әрбір театр ағылшын классикасының қойылымдарын қояды. Тақырыптық сөреде автордың шығармашылығы 8 томдық шығармалар жинағымен және трагедиялар мен комедиялардың жеке жинақталған даналарымен ұсынылған. Бұл әдебиетті кітапханамызға кіріп оқи аласыз.