26 сәуірде Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Абай атындағы мектептің 11 сынып оқушыларына Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ол - біздің ақынымыз, ол - біздің даңқымыз» атты әдеби сағат өткізді. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірбаянымен және шығармашылығымен танысып, оның өміріндегі қызықты деректермен танысты, автордың орыс тіліне аударылған өлеңдерін оқып, викторинаға қатысты. Іс-шара презентациямен және шығармалары қойылған тақырыптық сөремен толықтырылды.