«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

«Сөз құдіреті» XI облыстық байқау

29.04.2024

26 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында XI Облыстық «Сөз құдіреті» байқауының финалы өтті. Бұл байқау 12-13 жастағы балалар арасында прозалық шығармалардан үзінділер орындау бойынша жарыс. Финалда қалалық және аудандық мәнерлеп оқу байқауларының жеңімпаздары қатысты.

Біздің аудан атынан «Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 6 сынып оқушысы Елтабар Жәнібек қатысты. Жәнібек Бердібек Соқпақбаевтың «Болашаққа саяхат» шығармасынан үзінді оқыды. Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың көбісі кейіпкердің ерекше бейнесі мен сөзбен жұмыс істеудің үлкен жетістіктерін көрсетті. Балалар таңдалған шығармалардың сюжетін аша алды, мәтіннің бейнелі жүйесі мен құрылымын жеткізді, актерлік шеберліктерін көрсетті. Жәнібек «Қазақ тіліндегі үздік шығармашылық эссе» номинациясымен марапатталды.