«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасында екі бөлімнен тұратын «Қазақстан - әлем елі» атты кітап көрмесі безендірілді. Бірінші бөлімде «Бір шаңырақ астында» атты Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрлері, туралы кітаптар мен брошюралар ұсынылған: А.Н. Алексеенко «Қазақстан этностары», авторлар ұжымы «Орыс: отбасылық және қоғамдық тұрмысы», Ж.О. Артықбаева «Қазақстан өзбектері: тарих, шаруашылығы және мәдениеті, рухани өмір және қазіргі жағыдайы», А.Сейдімбектің «Мир Казахов», және басқалары. «Біз - Қазақстан халқымыз» атты екінші бөлімде «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы (ежелгі және ортағасырлық)», «Тәуелсіздік шежіресі», «2020 стратегиялық жоспары: көшбасшылыққа бастайтын Қазақстан жолы», «Қазақстанның даму статегиясы» және басқа да әдебиеттер бар. Барлық оқырмандарды біздің кітапханаға келіп, кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.