1992 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойылып. Сол жылы мереке - Отан қорғаушылар күні бекітілді, соның қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасында «Елдің даңқты қорғаушылары» атты кітап көрмесі безендірілді. Көрмеде ақпараттық және тарихи тақырыптағы әдебиеттер мен деректі материалдар ұсынылған: Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары дайындаған «Отечеству на верность присягая» дайджесті, әртүрлі әскери қызмет туралы баяндайтын парақшалар, Н.Т.Асиловтың «Основы военно – патриотического воспитания», А. С. Макипованың «История становления и развития военной подготовки в вузах Казахстана» кітабы, мерзімді басылымдардан мақалалар ұсынылды.