«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

Отан қорғаушылар күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары ауыл шаруашылығы колледжінің студенттеріне «Отанның лайықты ұлы» атты ерлік сағат өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар тұңғыш Қорғаныс министрі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірбаянымен танысты. Биыл жүз жылдығын тойлап жатқан тағы бір атақты қазақстандық, Рейхстагты жеңіс туын желбіреткен Рақымжан Қошқарбаевты да еске алдық.

Іс-шараға Федоров ауданы Әскери қызметке шақыру және әскери қызмет басқармасының бастығы Жасұлан Қуанбаев қатысты. Жігіттерді мерекелерімен құттықтап, әскери іс бойынша қандай оқу орындарында қайда оқуға болатынын, келісімшарт бойынша қызмет туралы айтып берді. Іс-шара презентациямен және бейнематериалдармен толықтырылды.