«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

Менің жерлестерім соғыс жолдарымен жүрді

06.05.2024

Соғыс - қандай қорқынышты сөз... Адамдардың тағдырын өзгертті, балалық шақты көз жасына айналдырды, талай қыз-жігіттердің өмірін қысқартты, он жеті жасар бозбалалардың армандарын жойды. 6 мамырда Федоров аудандық орталық кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Менің жерлестерім соғыс жолдарымен жүрді» атты еске алу сағаты өтті. Іс-шараға ауданның ардагерлер ұйымының төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі, ТЖМ қызметінің өкілдері, «4 сезона» клубының қатысушылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында кітапханашылар қонақтарға сол қорқынышты жылдардың тарихи деректерімен таныстырып, осы оқиғаның екі қатысушысы болған  биыл 100 жасқа толатын Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті, Рахымжан Қошқарбаевтың өмірбаянымен таныстырды. Соғыс қимылдарына қатысушылардың ұрпақтары өздерінің жақындары мен туыстары туралы әңгімеледі. Іс-шара музыкалық және бейне материалдармен сүйемелденді.