«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

Әдебиет пен өнердегі ана бейнесі

10.05.2024

10 мамырда Федоров аудандық орталық кітапханасында Халықаралық аналар күніне арналған «Әдебиет пен өнердегі ана бейнесі» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.А.Бекмухамбетова, Федоров аудандық гендерлік қолдау басқармасының төрағасы Ружицкая Л.А., «Жастар» мәдениет үйінің әншісі Қуандық Тоқтар, «4 сезон» клубның мүшелері және М. Маметова мектебінің оқушылары қатысты.

Іс- шара барысында жиналғандар мерекенің тарихымен танысып, Н.А.Некрасов, С.А.Есенин, А.А.Ахматова және басқа да ақындар өздерінің әдеби шығармаларында ана бейнесін қалай сипаттайтыны туралы әңгімеледі. Ана болу тақырыбына суретшілер, музыканттар, театр және кино режиссерлері қатысты. Іс-шараны «Қазақстандық кинодағы ана бейнесі» бейне-ролигі, музыкалық нөмір және әзіл ойындары толықтырды.