«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

Федоров орталық аудандық кітапханасында тұрақты жұмыс істейтін «Заң және сыбайлас жемқорлық» кітап көрмесі безендірілді. Мақсаты: халықтың сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасын тәрбиелеу, азаматтық қоғамды адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға тарту. Ұлы философтар мен ағартушылар Әл Фараби мен Абай Құнанбаевтың кітаптары, сондай-ақ ҚР-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы баяндайтын әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылды.