17 мамыр күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Жиентай қажы» мешітінің бас имамы Руслан Маратұлымен Ы. Алтынсарин мектебінің оқушыларына «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне діни көзқарас» тақырыбында танымдық сағатын өткізді. Іс-шара барысында исламда жемқорлықтың үкімі қандай, жемқорлыққа қарсы діни бағыт туралы, қоғамдағы діни ережелер мен құндылықтар жайлы айтылды.