«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

Мемлекеттік рәміздерге құрмет - елге құрмет

04.06.2024

1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және ҚР Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы Заңға қол қойылды. Бұл күн біздің елімізде ел Тәуелсіздігінің бейнесі және қазақстандықтардың ертеңгі күнгі терең үмітінің көрінісі болған ҚР Мемлекеттік рәміздері күні ретінде атап өтіледі. Осы күн қарсаңында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен және ІІБ қызметкерлерімен «Мемлекеттік рәміздерге құрмет – елге құрмет» атты дөңгелек үстел өткізді .

Іс-шара барысында Федоров ауылының №7 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Мұхамбетов Ақтөре Теміржанұлы мемлекеттік тудың тарихы туралы баяндама жасады. Кітапханашылар қатысушыларға елтаңба мен Әнұран туралы айтып берді. Іс-шара барысында қатысушылар викторинаның тақырыптық сұрақтарына жауап беріп, «Ашықтық, бейбітшілік және үміт рәміздері» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысты.