«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

Жүрегіме сен ғана қымбатсың, Қазақстан!

22.10.2024
Республика күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасында «Жүрегіме сен ғана қымбатсың, Қазақстан!» кітап көрмесі рәсімделді. Көрме құрамы бес бөлімнен құралған. «Жүрегіме сен ғана қымбатсың, Қазақстан!» бөлімінде «Республика Казахстан: 20 лет прогресса и стабильности», «Государство Казахстан: от ханской власти – к президентской республике» Е. Нурпеисов пен А. Котовтың және т.б. кітаптары ораналастырылды. «Құқықтық мемлекет» бөлімінің құрамында келесі әдебиет: «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Слышащее государство»: концептуальные основы, общественные советы, цифровая демократия», С. Дьяченконың «В формате грядущего дня» және т.б. «Тарих беттерінде» Т. Султановтың «История Казахского ханства», М.Тынышпаевтың «История казахского народа», «Алаш қозғалысы» және т.б. сияқты кітаптар ұсынылған. «Республиканың мәдени мұрасы» бөлімі құрамына «Сакральный Казахстан», «Қазақ мәдениетінің тарихы», «100 шедевров искусства Казахстана» және т.б. әдебиетті қамтиды. «Туған дала дауыстары» бөлімінде Абай, Ж.Жабаев, І. Жансүгіров, М. Мақатаев, С. Мәуленов және т.б. сынды авторлардың туындылары орналастырылды.