«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25
21 қазан күні Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасында «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы, «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ қызметкерлері және кітапхана ісінің ардагерлері қатысқан Қостанай облысы жас кітапханашыларының IV жиыны өтті. Кәсіби мерекемен барлық қатысушыларды Саят Даулетович Жусупов, Қостанай облысы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары және Сания Сериковна Безаубекова, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК басшысы құттықтады.
 
 
Кейін облыстық кітапхананың Білім оратлығында келесі мастар-класстар мен тренингтерді қамтыған mentorship сессиясы өткізілді:
«Жазба мұраны ғылыми айналымға енгізу» - Әлеуметтік ғылымдар магистрі, ҚР Журналисттер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық академикалық кітапханасының қызметкері Мөлдір Төлепбайқызы Баймаханбетова баяндамасының тақырыбы. Назарбаев Университеті кітапханасының жұмыс тәжірибесі және жаңа тенденциялар туралы Назарбаев Университетінің Ғылыми зерттеулерді қолдау офисінің басшысы Толкын Тулегеновна Джангулова айтты. Өскемен қ. «Оралхан Бөкеев атындағы Орталық қалалық кітапхана» КММ бұқаралық жұмыс пен мәдени бағдарламалар бөлімінің басшысы Руслан Оманович Бабироватың «Нейро-фотошопты қолдану. Кітапханалық әлеуметтік желілер үшін шынайы фотосуреттерді жәсен видео жасау» онлайн сөз сөйлеуі аса танымды болды.
 
 
Тематикалық секцияларға барып, кітапхана қызметкерлері көптеген жаңалықтарды білді: «Жасанды интеллект» - лекторы Роман Владимирович Худяков, «Қостанай облысы бойынша Өрлеу біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ қызметкері;
«Жазу өнері» - лекторы Татьяна Сергеевна Щербинина, «Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ өлкетану әдебиеті бөлімінің кітапханашысы;
«Келушілермен байланыс стратегиясын құру» - лекторы Анна Александровна Блюм, байланыс және келіссөздер бойынша тәуелсіз жаттықтырушы.
22 қазанда IQOSTANAY оқушылар сарайында қатысушыларды – кітапхана қолданушыларына ақпараттық-кітапханалық қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі тынымсыз еңбегі және кітапхана ісінің дамуына күш жетерлік үлесі үшін түрлі номинацияларда ресми марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға әйгілі жазушылар, меценаттар, Қостанай облысының мәдени дамуына айтарлықтай үлес қосқан адамдар қатысты.
 
 
Біздің әріптестеріміз Қазақстан республикасының мәдениет және ақпарат Министрінің Новошумный ауылдық кітапханасының кітапханашысы Татьяна Федоровна Иванова және Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасынан Татьяна Николаевна Глухова құрмет грамоталарымен марапатталды. Іс-шара Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармония әртістерінің орындауындағы әсем музикалық нөмірлермен сүйемелденді.