2022 жылдан бастап 25 қазан күні Республика күні аталып өтуде. Мереке қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапхана кітапханашылары «Қазақстан – ортақ үйіміз!» патриоттық сағатын өткізді. Іс-шарада өрт сөндіру бөлімінің, құтқару қызметі мен ауылшаруашылық колледжінің студенттері қатысты. Патриоттық сағат барысында «Біздің тарих» тарихи бейнебаяны көрсетіліп, қатысушылар еліміздің әнұранын орындады, «Менің Қазақстаным – Республикам менің» білгірлер турнирі өткізілді.
Қатысушыларға Қазақстан тарихы туралы сұрақтар қойылды. Ойын нәтижесіне сай қазылар алқасы жеңімпаздарға естелік сыйлықтармен, ал ұтылған топты ынталандыратын кәдесыйлармен марапаттады. Іс-шара мейірімді, жылы және достық ортасында өтті.