«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25
Тәуелсіздік күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасында «Тәуелсіздік белгісімен» кітап көрмесі рәсімделді. Көрме бес бөлімнен тұрады. «Тәуелсіз ел – Қазақстан» бөлімінде «Летопись независимости», «Мәңгілік Ел – Қазақстан», Б.Толепбергеннің «Ұлтық идея – Тәуелсіздік тұғыры» және т.б. кітаптары ұсынылған.
 
 
«Тәуелсіздік рәміздері» бөлімі келесі басылымдардан тұрады: «История формирования государственных символов Республики Казахстан», Е.Шаймерденовтың «Символы независимости Республики Казахстан», «Қазақстан Республикасының Конституциясы» және т.б. «Мемлекеттіліктің бастаулары» бөлімінде «История Казахского ханства», Т.Султановтың «История казахской государственности», «Алашорда» энциклопедиясы, т.б. әдебиеті орналастырылды.
 
 
«Тәуелсіздікке деген ұмтылыс» бөлімінде «Декабрь 1986», «Қасиеттім – желтоқсан!», «История независимости в вопросах и ответах» және т.б. сынды кітаптар бар. «Егемен мемлекет жетістіктері» бөліміне келесі әдебиеттер енгізілген: «Стратегия развития Казахстана» үш тілде, «Казахстан и евразийская интеграция» және т.б. Көрменің әшекейі ретінде «Қазақстан. Казахстан. Kazakhstan» және «Астана» кітап-фотоальбомдарының коллекциялық басылымдары ұсынылған. Көрме қалың оқырман қауымына арналған.