«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25

Хабардарлық, есеп беру, әрекет: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық

11.12.2024

Федоров аудандық орталық кітапханасында «Халықаралық адам құқықтарының күні» мен «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» компаниясына орай Федоров ауданы полиция бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты  Зарина Рустемовна Ишановамен «Хабардарлық, есеп беру, әрекет: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық» әңгімесі өткізілген. Іс-шараға өрт сөндіру бөлімі мен құтқару қызметінің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында кітапханашы мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып, кейбір заманауи отбасыларда орын алатын құқықбұзушылықтар статистикасын келтірді, ал инспектор гендерлік зорлық-зомбылықтың қандай түрлері болатындығын, әйелдер мен балаларға арналған кризистік орталықтар жөнінде, әйел құқықтары туралы айтты. Іс-шара «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» бейнебаянымен сүйемелденді. Соңында барлық жиналғандар арнайы рәсімделген «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық» тақырыптық сөредегі материалдармен танысуға шақырылды.