«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25
«Бір ел – бір кітап» республикалық науқаны аясында Федоров аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ оқушыларына «Барлық заман жазушылары» әдеби досьесін ұсынды. Науқанның мақсаты – қазақстандық әдебиетті насихаттау және кітап оқуға деген қызығушылықты дамыту. 2025 жылы екі автордың шығармалары оқуға ұсынылады:
 
Проза жанрында – дарынды жазушы, ақын, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығы терең әлеуметтік бағыттылығымен, сөз шеберлігімен ерекшеленеді.
Поэзия жанрына биыл 90 жылдық мерейтойы тойланып жатқан қазақтың белгілі ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары енген. Оның поэзиясы туған жерді, Отанға деген сүйіспеншілікті, халықтың рухани құндылықтарын дәріптейді. Кездесу барысында оқушылар жазушылардың өмірбаяндарымен танысып, шығармаларынан үзінді тыңдап, оқығандарын талқылады. Іс-шара жасөспірімдер арасында оқу мәдениетін қалыптастыруда маңызды қадам болып, зор қызығушылық пен белсенділік тудырды.