«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 25.06.25

Мен оқыдым, сіздерге де оқуға кеңес беремін

20.05.2025
#Оқыжәнежең оқуды ілгерілету аймақтық жобасы аясында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Ы.Алтынсарин ат. ЖББМ оқушыларымен «Мен оқыдым, сіздерге де оқуға кеңес беремін» атты кездесуін өткізді. Іс-шара барысында кітапханашылар халық арасында көркем әдебиетті оқуды кеңінен насихаттауға және отбасылық кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған #Оқыжәнежең аймақтық науқанының шарттары туралы айтып берді. Қатысушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне қызықты шығармаларды ұсынып, сол арқылы құрбыларын оқуға ынталандырды.