«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 25.08.25

Конституция жолы – халық жолы

Вівторок, 05 серпня 2025
1-тамыз күні Федоров аудандық орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституция жолы – халық жолы» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара басында Федоров ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы И. А. Бекмухамедова сөз сөйледі. Абай ат. ЖББМ тарих мұғалімі «Қазақстан Конституциясының тарихы» тақырыбындағы баяндама жасады. Өз баяндамасында ол қатысушыларға еліміздің Негізгі заңының қалыптасу және даму кезеңдері туралы айтып берді. «ҚР ІІМ Қостанай облысының ПД Федоров ауданының ПБ» ММ басшысының орынбасары подполковник К. С. Сакенов «Қолданыстағы Конституция: практикадағы заң қалай жұмыс жасайды» баяндамасын дайындады.
 
 
Ол еліміздің Негізгі заңының күнделікті өмірде қалай жүзеге асатыны туралы айтып берді. «Аманат» ҚҚ Федоров ауданы бөлімшесінің атқарушы хатшысы Б. А. Умиртаев өзінің «Конституция саяси тұрақтылық пен дамудың негізі ретінде» баяндамасында Конституция саясат саласындағы қатынастарды қалай реттейтіндігі туралы айтты.