11-шілде күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Федоров ауданының ХҚКО «Оқы және жең» байқауының қатысушысымен «Кітап арқылы – жақсылық пен жарыққа!» кездесуін өткізді. Қатысушы жиналғандарға байқаудың мәні, оған қатысу шарттары мен жүлде қоры туралы айтып берді. Сондай-ақ жиынға қатысушыларға байқау туралы ақпараттар жазылған парақшалар таратылды.