«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 14.11.25

30-маусым күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Федоров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Ш. Уәлихановтың дүниеге келгенінің 190 жылдығына орайластырылған «Шоқан мұрасы» тарихи экскурсын өткізді. Кітапханашылар жиналғандарға ұлы ғалымның өмір жолы, саяхаттары, жетістіктері мен еңбектері, әлем ғылымына қосқан үлесі туралы айтып берді. Іс-шара тақырыптық бейнероликтермен және таныстырылыммен сүйемелденді.