8-тамыз күні Федоров аудандық орталық кітапханасында ұлы қазақ ақыны мен ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Саз бен сөз: Абай әлемі» әдеби-музыкалық кеші өтті. Іс-шара барысында Валентина Иосифовна Романенко қатысушыларға Абайдың әдеби және рухани мұрасының маңыздылы туралы айтып берді, ал Ы. Алтынсарин ат. ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Гүлжанат Досмагамбетова «Өлең – сөздің патшасы» туындысын оқыды.
«Жастар» АМҮ әртістері Жандос Мырзахметов және Ақжол Нұрлан Абайдың «Сегіз аяқ» және «Торжорға» туындыларын орындады. Сонымен қатар, Жандос Мырзахметов қатысушыларға «Сегіз аяқ» туындысының тарихы туралы айтып берді. Іс-шара бейнематериалдармен сүйемелденді.