«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 12.08.25

Ересек өмір табалдырығында

Понеділок, 11 серпня 2025

11-тамыз күні Федоров аудандық орталық кітапханасында Халықаралық жастар күніне орайластырылған «Ересек өмір табалдырығында» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара басында Федоров ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы И. А. Бекмухамбетова сөз сөйледі.

Жастар ресурстық орталығының басшысы М. Б. Ахметчин «Молодежные программы: возможности и перспективы» баяндамасын дайындады. Ол қолданыстағы жастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламары туралы және еңбек нарығындағы ахуалды жағдай жөнінде айтып берді. Іс-шара тақырыптық бейнематериалдармен сүйемелденді.