11 қыркүйек күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Абай атындағы ЖББМ « 9 А» сынып оқушыларына арнап «Қазақстан тарихына жазылған есім» ақпараттық сағат өткізді. Бұл іс-шара қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы Смағұл Садуақасовтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылды. Кездесу барысында кітапханашы оқушыларға С.Садуақасовтың өмірбаяны, көзқарастары мен шығармашылығы туралы айтып берді.