«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 24.09.25

«Өнегелі отбасы – берекенің бесігі»

П'ятниця, 12 вересня 2025

12 қыркүйекте, Отбасы күні орай, Федоров аудандық орталық кітапханасында М. Маметова атындағы орта мектептің оқушыларының қатысуымен «Өнегелі отбасы – берекенің бесігі» өлкетанушылық таным-кеші өтті. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Беух және Өміртаевтар отбасылары шақырылды. Кештің негізгі бөлігі сұхбат түрінде өтті: қонақтар жүргізушінің және көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, өздерінің отбасылық өмірге деген көзқарастарымен, тәжірибелерімен және отбасылық оқиғалармен бөлісті. Іс-шараның соңында жас тындармандарға болашаққа арналған бірнеше кеңестер берілді. Іс-шара тақырыптық бейнеролик және презентациямен сүйемеленді.