1-қазан күні Федоров аудандық орталық кітапханасында кітапхана ісінің ардагерлері шақырылған «Күздің тамаша жасы...» жарқын ұрпақтар кездесуі өтті. Кездесу барысында құттықтау сөзін Федоров ОАКЖ басшысының м.а. А.О. Каракпаева сөйледі. Іс-шара викторина және әзіл-сықақ жорамалмен, әсем әуенмен сүйемелденді, сондай-ақ «Жас санамайтындарға» тақырыптық сөресі әзірленіп, шай дастарханы ұйымдастырылды.