«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 14.11.25

Мен сені сүйемін, өмір

П'ятниця, 03 жовтня 2025

Салауатты өмір салты мен жеке денсаулығына ұқыпты қарауға деген қызығушылықты қалыптастыру, коммуникативтік дағдылар мен өзін-өзі бақылау қабілеттірін дамыту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған дүниетанымды тәрбиелеу мақсатында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы М. Маметова ат. ЖББМ оқушыларымен аудандық аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында фельдшер-нарколог Ю.В. Щеглов нашақорлықтың, алкогольге тәуелділіктің қалай пайда болатыны, темекі шегу мен есірткіні қолданудың ағзаға тигізетін зияны, сондай-ақ адамға берілген ең қымбат байлығы – өміріне ұқыпты қарау қажеттігі жөнінде айтты. Эпидемиолог дәрігер Н.К. Кизатова суық тию мен тұмау маусымының басталғанына назар аударды. Балалар ауру жұқтырмау жолдарын, дұрыс тамақтану мен киіну тәртібін, қандай қорғаныс және алдын алу шараларын қолдану керектігін білді. Кітапханашы оқушыларды кітапханаға шақырып, онда салауатты өмір салтын ұстану жөнінде көптеген кітаптар бар екенін атап өтті.