«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 14.11.25

Даналық сақшылары – кітапханашылар

Середа, 22 жовтня 2025

24-қазан күні Қазақстанда Кітапханашы күні аталып өтеді. Осы мереке қарсаңында Фёдоров аудандық орталық кітапханасында «Даналық сақшылары – кітапханашылар» атты мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шараға «Фёдоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ қызметкерлері шақырылды. Салтанатты жиын барысында қатысушыларды кәсіби мерекемен Фёдоров ауданы әкімінің орынбасары Р. Г. Валеев және аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі З. А. Шашкова құттықтады.

Бағдарламаның басында марапаттау рәсімі өтті. Фёдоров ауданы әкімінің орынбасарының Алғыс хаттарымен Малороссей ауылдық кітапханасының кітапханашысы З. К. Сарбасова, Новошумный ауылдық кітапханасының кітапханашысы Т. Ф. Иванова, Вишнёвый ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л. Н. Абдуназарова, Фёдоров аудандық орталық кітапханасының техникалық қызметкері Т. Н. Григорьева және орталық кітапхананың кітапханашысы Л. Г. Качко марапатталды. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен Фёдоров аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі К.У. Құрманғалиева, Фёдоров ОАКЖ есепшісі Л. В. Ишмухаметова, Первомай ауылдық кітапханасының кітапханашысы О. В. Сибекина, ОАКЖ библиографы А. Р. Кенескенова марапатталды. Облыстық онлайн-оқу «Оқы Және Жең» байқауы аясында оқырмандарды белсенді тартқаны үшін Пешков ауылдық кітапханасының кітапханашысы О. И. Бондаренко марапатталды. Іс-шара барысында «Жастар» АМҮ өнерпазы О. Ә. Жоламановтың орындауында музыкалық нөмірлер шырқалып, әдеби викториналар ұйымдастырылды.