23-қазан күні Республика күні қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасында Ы. Алтынсарин ат. ЖББМ оқушылары үшін «Қазақстан – Егеменді мемлекет» тарих сағаты өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар мереке тарихы, Қазақ КСР-ның Егемендік Декларациясы қабылданғанға дейін орын алған оқиғалар және бұл құжаттың тарихи маңызы жөнінде білді. Тарих сағаты бейнематериалдар мен мұрағаттық суреттердің таныстырылымымен сүйемелденді.