Бірінші бөлім тәуелсіз Қазақстанның заңнамасы негізделген екі басты құжаттарға – 35 жыл толып отырған ҚР Егемендігі Декларациясы мен 30 жыл толған ҚР Конституциясына арналған. Бұл бөлімде Қазақстанның жаңа тарихы, оның дамуы мен жетістіктері жөніндегі баяндалатын әдебиет, ҚР Конституциясының түрлі басылымдары, ғылыми түсіндірмелері бар ҚР Конституциялары, сонымен қатар Декларация және Конституциямен байланысты мұрағаттық құжаттар мен материалдар көшірмелері орналастырылған.
Екінші бөлім Федоров ауылының 125 жылдығына арналған. Ол Федоров ауылының тарихын, оның дамуы мен өткеннің және қазірдің оқиғаларын баяндайтын сирек мұрағаттық материалдар, фотосуреттер, құжаттар және әдеби басылымдардан құралған.
Үшінші бөлім бірден үш мерейтойлық күндерді қамтиды: Шоқан Уәлихановтың дүниеге келгенінің 190 жылдығы, Абай Құнанбайұлының дүниеге келгенінің 180 жылдығы және Міржақып Дулатұлының дүниеге келгенінің 140 жылдығы. Бұл бөлімде өмірбаяндық әдебиет және материалдар, мұрағаттық фотосуреттердің көшірмелері, сондай+ақ бұл авторлардың туындылары ұсынылған.