4-қараша күні Федоров аудандық орталық кітапханасында Федоров ауыл шаруашылығы колледжі студенттерінің қатысуымен «Экология. Жаһандық мәселелер» экологиялық форумы өтті.
Форум барысында қатысушылар экология ғылымы жөнінде, оны құрайтын элементтер мен экологиялық баланстың бұзылуы нәтижесінде туындайтын залал жөнінде білді. Іс-шара барысында студенттер әлем және Қазақстан деңгейіндегі экологиялық ахуалдарды талқылады. Форум соңында қатысушылар тапсырмалар орындап, біздің аудан деңгейіндегі экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.