5-қараша күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Абай ат. ЖББМ 9-сынып оқушылары үшін Ш.Уәлихановтың дүниеге келгенінің 190 жылдығына орайластырылған «Мұраң ұмытылмас, ізің өшпес» әдеби кешін өткізді. Оқушыларға ұлы ғалымның өмірбаяны, оның саяхаттары, жетістіктері мен еңбектері жөнінде, сонымен қатар оның әлемдік ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі жөнінде айтып берді. Іс-шара тақырыптық бейнероликтермен және таныстырылыммен сүйемелденді.






