Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай облысының тумасы Қойшығара Салғариннің шығармашылығына арналған «Тарихыңды таны, тағылымына құлақ түр!» тақырыбындағы көрмеге шолу жасалды. Кітапханашы Қойшығара Салғариннің өмірбаянынан алынған қызықты фактілер туралы айтып берді: ол өзінің еңбек жолын «Ауыл өмірі» газетінің редакторы болып бастаған, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік телерадионың меншікті тілшісі бола жүріп, тәжірибелі әдеби қызметкер болған уақытында Елбасының тапсырмасы бойынша Қытайда бірнеше жыл зерттеу қызметімен айналысқан. 2001 жылдан бастап Қойшығара Салғарин Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының мүшесі болып табылады. Көрмеге жазушының ең танымал туындылары ұсынылған: хронологиялық кестелер «Хандар кестесі», «Елтұтқа», «Өмірбаян туған күннен басталады», "Қазына". Көрнекті түркітану саласындағы жетістіктері «Ұлы қағанат» жұмысы үшін Қойшығара Салғараұлына «Күлтегін» сыйлығы берілді.