«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

«Алтын адам (алтын мұра)» онлайн қазба

24.04.2019

19 сәуір күні «Ұлы даланың жеті қыры»

бағдарламасы аясында аудандық балалар кітапханасында «Өлкетанушы» үйірмесінің қатысушыларымен «Алтын мұра» онлайн қазба жұмыстары өткізілді. Қатысушылар «Тайны великой степи» деректі фильмін тамашалады. Қаралған фильмдердің арқасында балалар археолог Бекен Нұрмұхамбетовпен бірге Алтын адамның ұйытқысы табылған Есік қорғанына өтті.  Фильм көрсетілгеннен кейін балалар арасында қызу пікірталас өтті «Бұл жұмбақ «Алтын адам» кім? - белгілі патшайым Томирис немесе жас билеушіме. Бірақ Ұлы даланың құпиясын ғалымдар шешкен жоқ, әр бала өз пікірінде қалды.