«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 14.08.25

Соғыс. Жеңіс. Естелік.

Понеділок, 06 травня 2019

Соғыс. Жеңіс. Естелік.


   Жеңіс күні-тамаша мереке. Бұл күні біз Ұлы Жеңіс туралы және ол үшін өз өмірін берген адамдар туралы еске аламыз. 6 мамыр 2019 жылы аудандық орталық кітапханада Жеңіс күніне арналған еске алу сағаты өткізілді. Іс-шараға Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Е.А.Нұғыманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Н.Черная ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А.С.Налгиев, тыл еңбеккерлері Сечный Василий Иванович, Филимонова Зоя Алексеевна, Прокофьев Петр Васильевич, мектеп оқушылары, ауыл шаруашылық колледжі, ауыл тұрғындары, шақырылды. Іс – шара барысында кітапханашылар барлық қатысушыларды келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы айтты. Тыл еңбеккерлері майданға көмектесіп, өмір сүрудің қорқынышты жағдайларында адамдардың қалай жұмыс істегендігі туралы өз естеліктерімен бөлісті.


Іс-шарада деректі бейнероликтер көрсетіліп, музыкалық нөмірлер орындалды. Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Е.А.Нұғыманов оқушыларға алғысын білдірді. Соғыс даласынан оралмаған, жарақаттан қайтыс болған және хабар-ошарсыз кеткен барлық адамдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Іс-шараға «Ұлы соғыс, Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі безендіріліп, онда соғыстың басталуы туралы, Ұлы Отан соғысына біздің жерлестеріміздің қатысуы туралы, тылшылардың Жеңістің жақындауына қосқан үлесі туралы кітаптар қойылды. Көрме келушілердің қызығушылығын тудырды.