«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

Баннов модельді ауылдық кітапханасы Баннов ОМ 1-сынып оқушыларына «Мен Отан қорғаушымын» атты патриоттық сағат өткізді.

Кітапханашы оқушыларға президенттің ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлығы туралы айтып, болашақ Отан қорғаушыларына «сынақ» өткізді. Балалар саптық командаларды орындау, «Тазартылған алаң» арқылы өту, жараланған досын бинтпен таңып өздерінің іскерліктерін көрсетті. «Дала асханасы» конкурсында байланған көздерімен ұлдар қандай қорапта күріш, қарақұмық, бұршақ бар екенін анықтады. Ең бастысы балаларға «Гранаталар» - допты лақтыру, сонымен қатар оларды шелекте түсіру ұнады. Сынақ қорытындысы бойынша барлық балалар «Бравый боец» медалі және естелік сыйлық – бокал түрінде марапатқа ие болды. Іс-шара «Бравые ребята» саптық әнімен аяқталды.

Іс-шараға 11 оқушы қатысты