«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 16.08.25

Мәдениет және өнер күні

Четвер, 30 травня 2019

 27 мамырда Қостанай қаласының Жастар сарайында Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

 Іс-шара барысында мәдениет саласындағы екі атаулы оқиғаның «Рухани қазына» мәдениет  қызметкерлері мен ұйымдарының облыстық байқауына және Қазақстанда жастар жылына арналған халық көркем өнерпаздар шығармашылығы фестивалінің «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты ХХХІІІ республикалық форумының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды.

Байқау нәтижесі бойынша біздің Федоров орталық аудандық кітапхана «Рухани қазына» мәдениет қызметкерлері мен ұйымдарының облыстық байқауының «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік кітапхана»  номинациясында жеңімпаз атанды. Кітапхана дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.