Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 2019 жылдың 31 мамырында Федоров аудандық орталық кітапханасында «Қайғылы уақыттар жылнамасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Р.Г.Валеев, аудандық мәслихат хатшысы Б.Е.Исенгазин, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.С.Резник, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Х.Аслиев, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың балалары Бондаренко Ирина Карловна, Кулиев Октай Пиверди-Оглы, ауыл шаруашылық колледжінің оқушылары және ауыл тұрғындары шақырылды.
Рамиль Гадильзянович өз сөзінде тоталитарлық режимнің құрбандары болған аға буын өкілдеріне құрметпен қарауға шақырды және барлықтарына жазықсыз – зардап шеккен адамдарды еске алуға лайықты болуға тілек білдірді. Берік Ескендірұлы жастарға достық қатынаста болуларын және бір-біріне құрметпен қарауға тілек білдірді.
Дөңгелек үстел бейнероликтер көрсетілімі арқылы жүргізілді. Құрметті қонақтар-жер аударылғандардың балалары мен немерелері өздерінің туған-туысқандарынан естіген естеліктерімен бөлісті. Дөңгелек үстел соңында барлық қатысушылар мен қонақтар саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.