Қазақстан Республикасы-Біздің Отанымыз, Біздің Еліміз. Қазақстан халықаралық аренаға шығып, онымен жақын және алыс шетелдердің тең құқылы серіктесі ретінде саналуы біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан зор еңбегі. 20 маусымда Орталық аудандық кітапхананың қызметкерлері «Федоров арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ММ – де тұратындар үшін «Елбасы мұраты-гүлденген Қазақстан» тақырыптық сағатын өткізді. Кітапханашылар Ұлт көшбасшысының Президент лауазымы жолында тап болған қиындықтары және біздің елімізді дағдарыстан қалай кезең-кезеңімен шығарғаны туралы айтты. Елбасының арқасында Қазақстанның іргесі берік және болашақ мұраты гүлдену. Іс-шараны «Мемлекет басшысы» деректі фильмінің көрсетілімі толықтырды.