«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 27.06.25

Нұр-сұлтан – жас тәуелсіз мемлекеттің даму үрдісін бейнелейтін заманауи қала.

Астана күнін мерекелеу қарсаңында, 3 шілде күні «Федоров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ММ-де орталық аудандық кітапхана қызметкерлері тұрғындарды Қазақстанның бас қаласы – Нұр-сұлтанға виртуалды саяхат жасауға шақырды.

Кітапханашылар астананы Астанаға көшіру тарихын айтып, виртуалды саяхат арқылы оның көрікті жерлерімен, архитектурасымен, ландшафтымен таныстырды. Соңында «Жаңа заман астанасы» атты кітап көрмесі ұсынылды, онда қала жайлы  әдебиеттер мен түрлі- түсті фотосуреттер бар альбомдар болды.