5 шілде күні аудандық балалар кітапханасында №4 орта мектептің жазғы сауықтыру алаңының балаларымен ҚР астанасы күніне орай «Әлемнің жарқын қаласы» атты виртуалды саяхат өткізілді. Кітапханашы балаларды Астананың құрылу тарихымен таныстырды,әңгіме жарқын және есте қаларлық слайдтармен сүйемелденді. Содан кейін балалар «Қазақстан астанасы» және «Үздік көрікті жерлер» атты бейнероликтерді тамашалады. Балалар Астананың басты көрікті жерлері «Бәйтерек» монументі, «Ақ Орда» Президент резиденциясы, «Думан» мәдени-ойын-сауық орталығы, «Атамекен» этнопаркі және т. б. танысты. Соңында біздің астанамыз туралы білімдерін викторина сұрақтарына жауап беру арқылы көрсетіп, белсенділік танытты.