«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

Жерлестеріміз-біздің мақтанышымыз

13.11.2019

Жерлестеріміз-біздің мақтанышымыз

  13 қарашада Пешков ауылдық кітапханасында «Жерлестеріміз-біздің мақтанышымыз» атты кездесу кеші өтті. Жастармен кездесуге «Шапағат» медалімен марапатталған педагогикалық еңбек ардагері Валентина Ивановна Костенко және «Трояна» ЖШС басшысы Юрий Михайлович Малышко қатысты. Жастардың кәсіпқойлармен кездесуі біздің округтегі белгілі адамдар өздерінің алғашқы еңбек қадамдарын қалай бастағанын, мансапқа қалай жеткендерін, кәсіби қызметте қандай қиындықтарға тап болғанын білуге мүмкіндік берді. Юрий Михайлович кәсіпорынның қазіргі уақытта қалай дамып келе жатқандығы, оларға қандай мамандар қажет екендігі туралы әңгімеледі, балаларды «Трояну» экскурсияға шақырды. Валентина Ивановна «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»  деген мақалды алға тартып, балаларды ауылдық жерлерде қажетті мамандықтарды таңдауға шақырды.