«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

Ұлы Жібек жолына саяхат

(білгірлер турнирі)

  15 қараша күні орталық аудандық кітапхана кітапханашылары №2 орта мектептің 8-9 сынып оқушылары арасында «Ұлы Жібек жолына саяхат»  атты білгірлер турнирін өткізді. Турнирдің мақсаты: Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау болды. Іс-шараның басында оқушыларға «Ұлы Жібек жолы» бейнеролигін көру ұсынылып, турнир  төрт кезеңнен тұрды: «Көш керуен», «Ойлан тап», «Полиглот», «Бейне сұрақ». Турнирге екі команда қатысып, іс-шара өте қызықты және тартымды өтті. Іс-шара соңында жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.