Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Халықаралық ЖТИС- ке қарсы күрес күніне орай «Жастар ЖИТС-ке қарсы» тақырыбында акция өткізді. Бұл акцияның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жастар мен жасөспірімдердің назарын әлеуметтік денсаулық мәселесіне аудару болып табылады. 9-11 сынып оқушылары мен ауыл жастары плакаттар мен парақшалар байқауына қатысып, кітапханашыдан «ЖИТС туралы көбірек біл» буклеттерін алып, «Біз – дені сау ұрпақпыз!» бейнеролигін қарап, дәрігерлердің «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген ұстанымын тыңдады. Біз барлығымыз алдын алу шараларын білуіміз керек және әрбір адам осы мәселені шешуге бүкіл халықтың игілігі үшін өз үлесімізді қосуымыз керек.