«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

«Біз шебер қолдарды дәріптейміз»

19.11.2019

«Біз шебер қолдарды дәріптейміз»

   Баннов ауылдық кітапханасы ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай зейнеткерлік жасқа келушілерге арналған «Біз шебер қолдарды дәріптейміз» атты мерекелік іс-шара өткізді. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні-бұл егіс пен фермалар еңбеккерлерінің, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, фермерлік шаруашылықтардың басшылары мен мамандарының, тамақ және қайта өңдеу индустриясы қызметкерлерінің мерекесі. Бұл мереке тек кәсіби мереке деп  санауға болмайды, сонымен қатар бұл таң атқаннан күн батқанша, демалыссыз және еңбек демалысынсыз жерде жұмыс жасайтын, нан мен көкөністерді өсіретін, біздің үстелдерге сүт, ет және басқа да азық-түлік өнімдерін жеткізетін адамдардың да мерекесі болып саналады. Н.Скубенконың орындауында «Деревенька моя», «Молодой агроном» және т.б. әндер орындалды. «Целина», «Край бескрайних полей», «Разгулялась осень золотая» авторлық өлеңдерімен С.Атаманенко сөз сөйледі. Егіншілер, туған ауылы туралы қызықты частушкаларды Н.Волошенко және В. Тихоплав орындады. Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар үшін «Хвала рукам, что пахнут хлебом» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.