Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Новошумный ауылдық кітапханасында 4-сынып оқушыларымен «Біз ЖИТС туралы не білеміз?» тақырыбында алдын-алу сағаты өткізілді. ЖИТС туралы ұғыммен таныстыру, оқушылардың бойында вирустың пайда болуы туралы түсініктерді қалыптастыру, салауатты өмір салтына деген қажеттілігіне тәрбиелеу болып табылады. Іс-шараға мейірбике қызметкері шақырылды, ол балаларға ЖИТС дегеніміз не және адамзатқа осы жаһандық індет қандай қауіп төндіретінін айтып берді. «Мектеп оқушыларына ЖИТС туралы не білу керек?» атты презентация ұсынылды. Кітапханашы «1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні» атты кітап көрмесімен таныстырды.