27 қараша күні Федоров Орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» тақырыбында саяси портрет іс-шарасын өткізді. Олар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің тарихи шежіресін көрсетіп, Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси және қоғамдық қызметі туралы әңгімеледі. Іс-шараға қатысушылар Қазақстанда Тұңғыш Президент күні жыл сайын аса маңызды мереке екенін атап өтті. Саяси портрет барысында викториналық сұрақтар қойылып, «Тәуелсіздік тарихы» бейнеролигі және «Елбасының жанында» деректі фильмі көрсетілді. Іс-шара соңында оқушыларға «Елбасы мұраты - гүлденген Қазақстан» атты кітап көрмесі ұсынылды.